Шараның мақсаты – қазақтың салт-дәстүрі бойынша имамдар мен дін қызметкерлерінің білімін жоғарылату
Имамдар дінді дәріптеуде қазақтың дәстүрі мен салтын қатар алып жүру керек. Осыған орай Алматыда имамдардың біліктілігін жетілдіруге бағытталған оқыту семинарлары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шараның мақсаты – қазақтың салт-дәстүрі бойынша имамдар мен дін қызметкерлерінің білімін жоғарылату, ұлттық салт-дәстүрді және ұлы тұлғалардың дін жайындағы еңбектерін халық арасында насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Ел таным байқауында имамдарға үйрететін бағдарламалардың бірінде яғни, қазақтан шыққан жыраулар, ақындар және қазақтың дінін таратуға себепші болған ғалымдар туралы айтып жеткізеді», – деді Алматы қаласы Орталық мешітінің ұстазы Талғат САПАНОВ.