Боинг 737-800 ұшағы Мәскеу әуежайына шұғыл қонуға тура келді

12.09.2019 18:27

Әуе кемесінің шассиіне алып құс қыстырылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
 Шақырылмаған қонақ Алматыдан Лиссабонға жол тартқан ұшақ шассиін түсіре бергенде қарама қарсы беттен келген көрінеді. 

Абырой болғанда құс аман. Лайнер бірнеше сағаттан кейін сапарын әрмен қарай жалғастырды.