Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

egemen.kz
egemen.kz
Бірінші қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда екі миллионнан астам зейнеткер бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. Ал, орташа зейнетақы мөлшері 99 857 теңге болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 триллион 236,7 миллиард теңге бағытталды.

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 99 857 теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 153,7 миллиард теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 2 миллион 235 мың зейнеткер бар.

Дереккөзі: Sputnik


Новости партнеров