Көпқабатты үйлердің коммуналдық тарифі арзандауы мүмкін

04.12.2019 17:56

Қазір 51 теңге болса, жаңа заң қабылданса, 12 теңгеге түсірілмек

Factum.kz

Мұндай заң жобасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында талқыланды. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Роман Скляр да бұған дейін де көтерген болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құжат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ, онда егер пәтер иелері меншік иелерінің одағын құрғысы келмесе, онда заңды мекеме құрмай-ақ өзге қожайындармен бірлесіп басқаруға рұқсат етіледі. Ақшаны ашық жұмсау үшін әр үйге жеке ағымдағы және жинақ шоты ашылатын болады.