Алма бағына қастандық жасағандар ұсталды

17.10.2019 18:34

Белгісіз біреулер Алматыда сирек кездесетін алманың сорты егілген бақты рұқсатсыз отап тастаған

Алматыда алма бағының көзін жоймақ болғандардың ісі Ішкі істер министрлігінің жеке бақылауында. Қазір тәртіп сақшылары аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дерек бірыңғай реестрге тіркеліп, қылмыстық кодекстің 188-бабы, яғни ұрлық бойынша іс қозғалған. Сондай-ақ, бұл заңбұзушылық фактісімен мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы да айналысуда.

Еске сала кетейік, белгісіз біреулер Алматыда сирек кездесетін алманың сорты егілген бақты рұқсатсыз отап тастаған. Бақшаның иелері зейнет жасындағы қарттар болып шықты. Бар ғұмырларын алманың жаңа сұрыптарын шығарумен айналысқан олар осындай жағдайдан соң емханаға түскен.