Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Depositphotos
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Кувейттің Jazeera Airways әуе компаниясының Алматы - Эль-Кувейт бағытындағы тұрақты рейстерінің саны артып, енді аптасына 2 емес, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 3 рейс орындалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл шешім Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қабылданды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05