Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Урбан конференция барысында әлеуметтік жобалар жасағандардың үздіктерін марапаттады. Онда 5 номинация бойынша үш жоба иегері жеңімпаз де танылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Солардың бірі - латын графикасы арқылы қазақ тілін үйренуге арналған Soyleu жобасы. Авторы – Артем Соколов. Сонымен қатар, істен шыққан компьютерлерді қайта жасақтап, жағдайы төмен отбасыларға тегін үлестіріп жүрген Равиль Насифулин де үздіктер қатарында. Ол 300-ге жуық жанұяға өз қалтасынан компьютер құрастырып сыйлаған. Ал, үшінші жеңімпаз - «Бақытты отбасы» жобасымен Зульфия Байсақова. Ол – көп балалы отбасыларға барынша көмек көрсетіп жүрген жан. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.