|
04.02.2022 | 12:58
506

Қазақстанның әуе рейсі 79 бағыт бойынша қайта жаңартылды

Бүгінгі күні ішкі рейстер аптасына 605 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындалады

Қазақстанның әуе рейсі 79 бағыт бойынша қайта жаңартылды Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 2020 жылмен салыстырғанда 71%-ға артып, 9,4 млн жолаушы құрады (2020 жылы – 5,5 млн. жолаушы), деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Азаматтық авиация комитетіні сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар 2019 жылғы пандемияға дейінгі (2019 жылы – 8,6 млн. жолаушы) көрсеткіш мәнінің өсуі байқалады. Өсім 10% құрады. 2021 жылы отандық әуе компаниялар ішкі бағыттарда 7,6 млн. жолаушы (2020 – 4,6 млн жолаушы, 2019 – 4,6 млн. жолаушы), халықаралық бағыттарда – 1,8 млн. жолаушы (2020 – 0,8 млн. жолаушы, 2019 – 3,3 млн. жолаушы) тасымалдады. 

Air Astana әуе компаниясының жолаушылар ағыны 59%-ға өсті, шамамен 3,6 млн.жолаушы тасымалданды; 

FlyArystan 109%-ға өсті, бұл шамамен 3,1 млн. жолаушыны құрады; SCAT 62%- ға өсті-шамамен 2,1 млн жолаушы тасымалданды. 

Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 17,4 млн. жолаушыны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 63%-ға көп (2020 жылы – 10,7 млн жолаушы, 2019 жылы – 17,7 млн. жолаушы). Әуе қатынасы қалпына келтірілген сәттен бастап ішкі тасымалдардың маршруттық желісі 12 бағытқа ұлғайды. 

Бүгінгі күні ішкі рейстер аптасына 605 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындалады. Халықаралық рейстер 25 елмен (Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Германия, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзербайжан, Катар, Кувейт, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Үндістан, Вьетнам) аптасына 260 рейс жиілігімен 79 бағыт бойынша қайта жаңартылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир