Көпбалалы аналарға жағдай жасау мақсатында қолға алынған шара Медеу ауданында өтті. Мұнда ұйымдастырылған жәрмеңкеге 20-ға жуық көпбалалы ана қатысып, болашақта өзін жұмыспен қамтуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар бизнес өкілдеріне үйлерінен дайындап келген тағамдарынан, тәтті өнімдерінен дәм татқызды. Осылайша, жәрмеңкеде 3 ана келісім-шарт жасасып, тапсырыс алды.
Айта кетейік, бүгінде Медеу ауданында 1500-ге жуық көпбалалы ана бар.
«Бір күнде бизнес ашу» деген жоба бойынша, 20-ға жуық көпбалалы ана өздерінің қолынан келетін кәсіпті әкеліп көрсетіп жатыр. Өз мейрамханасы бар 20 шақты бизнес өкілдерін шақырып, түсіндіріп айттық. Істегендері ұнап жатса, осы кісілерден тапсырыс алады», – деді Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос НҰРЛЫБАЕВ.