Қатты қуанған бойжеткен ұсынысты бірден қабыл алған
Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өткен "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч барысында жанкүйерлердің бірі сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"Манчсетердің" киімін киген жас жігіт трибунаға шығып, сүйіктісіне ұсыныс жасады. Қатты қуанған бойжеткен ұсынысты бірден қабыл алған.
Бұл керемет сәттің видеосын қазақстандық құрама өкілі Facebook парақшасына жариялады.
"Астана" - "МЮ" матчында үйленуге ұсыныс жасады! Жастарға бақыт тілейміз!", - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық футболшылардың ағылшын командасын жеңгенін хабарлаған едік. "Астана - Манчестер Юнайтед" матчының есебі 2:1 есебімен аяқталған болатын.