Айзат Молдағасымова жаңа қызметке келді

04.06.2020 18:29

Енді ол Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарады

Фото акимат Алматы

Айзат Молдағасымова жаңа қызметке келді, деп хабарлайды Almaty.tv Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Молдағасымованың айтуынша, енді ол Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарады.

«Директор қызметін атқарамын», - деді ол тілшіге берген сұхбатында.

Айзат Молдағасымова 1971 жылы дүниеге келген. Мамандығы – гигиенашы және заңгер. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы санэпидстанциясының санитарлық дәрігері қызметінен бастады. Әр жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басқармалары мен департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарды.