50 млн теңге жинап алған: Алматыда алаяқ әйел ұсталды

23.08.2019 18:01

Ол өзінің жоспарын 2015 пен 2019 жылдары Бостандық ауданының аумағында жасап келген

Алматы қаласы Полиция департаменті "мемлекеттен пәтер алып беремін" деп, ел-жұртты алдаған әйелдің ұсталғанын мәлімдеді. Елдің сеніміне әбден кірген келіншек алматылықтардан 50 млн теңге жинап алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

33 жастағы әйел аса ірі көлемде алаяқтық әрекетке барды деген күдікке ілініп отыр. Ол өзінің жоспарын 2015 пен 2019 жылдары Бостандық ауданының аумағында жасап келген.  Ол тіпті ақша алған адамдарына тұрғын үй инспекциясы, қалалық әкімдік арқылы мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана аласыз деп уәде етіп келген көрінеді. Бүгінде оған қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал, суреттегі келіншекке алданған тағы адамдар болса құзырлы органдарға хабарласуларыңызға болады.