Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

moykursk.ru
moykursk.ru
Сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралында сервисті жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазтелерадио» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осыған байланысты, 2023 жылғы 21 cәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргіземіз»,  – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Новости партнеров