Қазақстанда SMM мамандарының алғашқы конгресі өтеді

28.02.2019 18:01

«Әлеуметтік желілердегі шынайы Қазақстан» тақырыбында SMM мен MMM мамандарының бірінші конгресі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Қазақстан Республикасындағы SMM және МММ қызметтерін кәсіби жеткізушілердің ұлттық қауымдастығы» «Қазақстандағы SMM және МММ мамандарының бірінші конгресінің» құрамын құрып жатыр.

«Конгресс дегеніміз – қоғамдық тыңдалым түрінде өз қызметін жүзеге асырып жатқан, Қазақстан Республикасындағы SMM (Social Media Marketing) және МММ (Messenger Media Marketing) нарығының шешім қабылдайтын, өзін-өзі ұйымдастыратын және қатысушыларды үйлестіретін көпшілік орган», – делінген хабарламада.

Конгрестің міндеті – аталмыш қызметтерді жеткізушілер мен тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін жария түрде білдіру, қорғау және үйлестіру.

Конгреске қатысты толық ақпаратты Facebook, Instagram парақшаларынан алуға болады.