«Спайс» синтетикалық есірткі дайындаған зертхана әшкере болды

07.11.2019 21:01

Күдіктінің үйін тінту барысында 450 әр түрлі доза, электронды келі және 900 мың теңге тәркіленді

Оны жергілікті тұрғын өзінің үйінде жасап отырған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады. Оның үйін тінту барысында есірткі заттарын дайындауға арналған әйнек ыдыстар мен түрлі қоспалар табылған. Сонымен қатар, 450 әр түрлі доза, электронды келі және 900 мың теңге тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Есірткіні өзім ғана тұтынамын деп ақталған күдікті шын мәнінде оны ауыл адамдары мен жақын елдімекен тұрғындарына сатып отырған. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейін, Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысымен күрес департаментінің басқарма басшысы Қанат Нұрановтың айтуынша, жыл басынан бері есірткі айналымына қатысты 262 қылмыс анықталған.