|
14.04.2021 | 13:01
9256

Жұлдызы жарқыраған Гагарин мен Сүлейменов

Осыдан кейін «Жер, Адамға тағзым ет» позия шумақтарын бұрынғы Кеңес Одағының әрбір тұрғыны жатқа айта бастайды

Жұлдызы жарқыраған Гагарин мен Сүлейменов

Бұдан 60 жыл бұрын Юрий Гагаринмен бірге Олжас Сүлейменовтің де жұлдызы жарқ етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ даласынан алғаш рет Ғарышқа қадам басып, адамзатқа бейтаныс, жұлдызды әрі шексіз әлемге жол ашқан Юрий Гагарин: «Егер бір істі бастасаң, міндетті түрде алдыңғы қатардан көріну керек», – деп есептеген және осы қағида оның өмірлік ұстанымына айналған.

Дүние жүзіндегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің қатысуымен сирек кездесетін тарихи кадрлар және жас ақын Олжас Сүлейменовтің осы оқиғаға –  ғарыштағы адамның жетістіктеріне арналған ең алғашқы өлеңі Кеңес Одағының кеңістігін таңқалдырды. Өйткені, ол кезде интернет те, ірі жаңалықтар агенттігі де, тіпті әр үйде теледидарға да қолжетімділік болмаған еді.

Сол кездері жиырма беске жаңа толған жас алматылық ақын ашық Ғарышқа адамның алғашқы ұшуы туралы бүкіл әлемге паш етіп, ғарышты игерудегі адамның ерлігі жөнінде дүниенің түкпір-түкпіріне жар салған алғашқы әлеуметтік тұғырнамаға  айналған еді.

«Алматы» телеарнасының арнайы репортажында Олжас Омарұлының эксклюзивті еске алу кадрлары: еліміздің бас газеті – «Казахстанская правданың» кезекті нөміріне адам баласының «төрт ұйықтаса түсіне кірмейтін» жетістіктеріне арналған өлеңді бір түн ішінде қалай жазып шыққаны туралы тарихи сұхбатына қатысты естеліктері.

12 сәуірде Алматыға арнайы жіберілген ұшақ осы өлең жазылған парақшаларды аспаннан «жаудырған» екен. Осыдан кейін «Адамға табын, Жер, енді» атты өлең шумақтарын бұрынғы Кеңес Одағының әрбір тұрғыны жатқа айта бастайды. Дәл осы өлең жолдары сол кездегі атағы шыға қоймаған ақынның өмірін түбегейлі өзгертіп, оның есімін әлемге әйгілі етті. О. Сүлейменов – адамның Ғарышты игеруіне өлең арнаған тұңғыш ақын болды. Дәл сол тарихи күні – 12 сәуірде Юрий Гагариннің жұлдызымен бірге біздің даңқты ақынымыздың да жұлдызы жарқ етті деп нық сеніммен айтуға болады.

«Алматы» телеарнасында   14 минуттік эксклюзивті арнайы репортаж – халық жазушысы әрі ақын әрбір адам біле бермейтін сыр сандықты ашып,  60 жылдық тарихи бар маңызды оқиға – Юрий Гагариннің қауіпті, бірақ сәтті ұшуының құпияларынан сыр шертеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир