ҰҚК: «Қазгидромет» басшылығы ұсталды

23.01.2019 в 18:01

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік Комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-тармағымен көзделген қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитеттегілердің мәліметінше, қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.