Олар біркелкі қадамдармен «жүрек» формасын жасап, «Астана» жазуын құрастырды
Әскери полицейлер флешмоб ұйымдастырып, Астанаға деген сүйіспеншілігін «жүрекпен» жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.
Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полициясының әскери қызметшілері «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда флешмоб ұйымдастырды. Олар біркелкі қадамдармен «жүрек» формасын жасап, «Астана» жазуын құрастырды.
Айта кетсек, 1998 жылы 6 мамырда атауы ресми түрде Астана болып өзгерген елордамызға биыл 25 жыл толды.