Асхат Аймағамбетов барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтады
kapital.kz
Наурыз күні кешірімді болып, мейірімділік таныту өте маңызды – Асхат Аймағамбетов
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – тарихы мен мағынасы терең, ерекше мереке. Наурыз – ол жыл басы, күн мен түннің теңелетін, тіршілік әлемнің қайта түлейтін, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын көктем мерекесі. Бұл мейрам – достық пен бірліктің, жаңарудың, ынтымақ пен мейірімділіктің нышаны", - деді еліміздің бас ұстазы.
Сондай-ақ ведомство басшысы Ұлыстың ұлы күні барынша кешірімді болып, мейірімділік таныту маңызды деп санайды.
"Сол себепті бұл күні жақсы тілек айтып, кешірімді болу және мейірімділік таныту өте маңызды", - деп атап өтті министр Аймағамбетов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16