«Қораға ертіп кірген»: Түркістанда кішкентай қызды зорламақ болған педофил сотталды

Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының 35 жастағы тұрғыны баланы зорламақ болғаны үшін сотталды.

Алдын ала және сот тергеуі барысында 1984 жылы туған ер адам Түркістан қаласының түбіндегі ауылға ақша табуға келгені анықталды.

Кештердің бірінде ол спирттік ішімдік ішеді. Содан таңғы сағат 9-да мас күйінде серуендеуге шығып, аулалардың бірінде кішкентай қыздың жүргенін байқап қалған. Қаскүнем ашық қалған есіктен аулаға кіріп, қызды сарайға ертіп әкеледі. Мұнда ол баланы зорламақ болған, бірақ үлгермеген – сарайға қыздың әпкесі кіріп келген. Жартылай жалаңаш ер адам қашып шығыпты. Әйел оның соңынан қуып келе жатып, көршілерін көмекке шақырған.

Оның жан даусын естіген ауыл тұрғындары жігітті ұстаған. Әйел шын мәнінде не болғанын айтпағандықтан күдіктіні ешкім ұрып-соқпаған. Ауыл тұрғындары оны жергілікті полиция бөліміне жеткізді.

Әпкесінің мәлімдемесінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 120-баптары (әдейі жас баланы зорлауға әрекет жасау) бойынша күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты істі қарап, айыпталушының кінәсін дәлелдеді. Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

Новости партнеров