Әйелдер қала басшылығымен кездесуді талап етіп, аязды күні далада жиналды
Астанада өрттен бес қыз қаза болғаннан кейін 60-қа тарта көп балалы ана көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Далада отыз градус аяз болғандықтан, әкімдік өкілдері әйелдерді «Астана» концерт залына (бұрынғы Конгресс-холл) ертіп барды, ыстық шай беріп, микрофон қосты.
Әкім Бақыт Сұлтанов кездесуге келе алмады, орнына орынбасарын жіберіпті.
«Көп балалы аналармен кездесуге Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин қатысып жатыр», - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Әйелдер өз проблемаларын айтып, нақты іс-әрекеттерді талап ету үшін жиналды.