Кездесу 27 сәуір сағат 09:00-де өтеді
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
2023 жылдың 27 сәуірінде сағат 09:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуі Алтай көшесі, 4 мекенжайындағы №210 мектеп-лицейде өтеді.
Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Алатау әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.