Алматыда 593 аз қамтылған отбасына көмірдің ысын анықтайтын құрылғы орнатылды

28.10.2019 18:04

Алматы әкімдігінің қолдауымен смарт құрылғылар тегін таратылды

Алматылық төтеншеліктер қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға улы газдың ену қаупін алдын алатын құрылғыларды орнатып бітті. Ондай үйлердің саны мегаполисте 593 екен. Соның ішінде 404 жанұя көмір пайдаланады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Смарт құрылғыларды Алматы әкімдігінің қолдауымен мамандар тегін таратқан еді. Үйлерін көмірмен жылытатын отбасылар құрылғының орнатылғанына дән риза.  

«Күніне екі рет, ал күн қатты аязда үш рет от жағасың. Таңғы 5-те бір, сосын күндізі 3-5 терде бір. Түнде міндетті түрде Менен «Сізде қалай газ жоқ?», - деп сұрады. Сол кезде құбырдан түтін да бірден арнайы құрылғы орнатып берді», - деді тұрғындардың бірі Сәуле ЖАНДАЕВА.

Қалалық төтеншеліктер өткен демалыста аудан әкімдіктері ұсынған барлық көп балалы отбасы мен әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға құрылғы қойып шықты. Енді қаладағы барлық жер үйлерді жаңа жылға дейін аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндірмек. Құрылғыларды орнату жұмыстары қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқанын айта кетейін.  

«Жалпы, қала бойынша 145 395 жеке тұрғынүй анықталған. Оның ішінде 55 мыңын еріктілер мен төтеншеліктер және әкімдіктің өкілдері аралап шықты. Жылдың аяғына дейін осындай профилактикалық өрт сөндіру түсіндірме жұмыстарын толығымен жүргізіп, құрылғымен қамтамасыз етуге болады»,- деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА.