Қазіргі таңда нәресте ауруханаға жеткізілді
Шымкентте тұрғын үй ауласынан жаңа туған сәби табылды. Бұл туралы қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анасы сәбиін үйлердің бірінің ауласына тастап кеткен.
"Т. Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем Call-орталығы жанынан тастанды нәресте табылды. Ол ұл бала, салмағы – 3 келі, дүниеге келгеніне екі тәулік болған. Баланы студент қыздар тауып алған. Олар сәбиді бірден жақын маңдағы жедел жәрдемнің Call-орталығына әкелді. Бала қатты тоңып қалған, жағдайы ауыр болған", - деп жазды ол.
Call-орталық қызметкерлері мен диспетчерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сәбиді аман алып қалған. Қазіргі таңда нәресте ауруханаға жеткізілді.