Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

12.09.2021 18:04

Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады

inform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады», – деді Президент.