Мемлекет басшысы «Вечерний Алматы» газетін 85 жылдық мерейтойымен құттықтады

27.04.2021 18:23

27 сәуір күні газеттің ең алғашқы нөмірі жарыққа шыққан еді

Фото: vecher.kz

Президент Қ. Тоқаев «Вечерний Алматы» газетін 85 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.

27 сәуір күні газеттің ең алғашқы нөмірі жарыққа шыққан еді.

«Вечерний Almaty» – Қазақстанның ең көне басылымдарының бірі. Еліміздің және Алматы қаласының тарихындағы әрбір оқиға басылым беттерінен көрініс тапты. Мерейтой – газеттің іргетасын қалаған дарынды, еңбекқор жандарды, олардың қажырлы еңбегін еске алуға тамаша себеп. Газеттің қайнар бастауында тұрған қызметкерлер отандық басылымның беделі үшін еңбек етті. Қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде газет жаңа заманға сай бәсекеге қабілеттілігін сақтап қала алды және оқырманын мойындатты», – деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев газет ұжымына табыс тіледі.

«Вечерний Almaty» қалалықтарды толғандырған мәселені көтере отырып, оған объективті түрде қарайды, кез келген мәселеге тиісті баға береді. Басылым еліміздің және қаланың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени салаларындағы мәселелерді шешуге үлкен үлес қосып келеді. Газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін, өркендей беріңіздер», – деді мемлекет басшысы.