|
06.02.2022 | 13:18
4758

Ақмолада есірткі тасымалымен айналысқан 21 жастағы бойжеткен ұсталды

Тексеру кезінде бойжеткеннен героиннің синтетикалық опиаты болып табылатын бірқатар дәрі-дәрмектердің 55 таблеткасы мен есірткі әсерін күшейту үшін қолданылатын зат бар 12 бөтелке тәркіленді

Ақмолада есірткі тасымалымен айналысқан 21 жастағы бойжеткен ұсталды пресс-служба МВД РК

Ақмола облысының полицейлері «дәріханалық» есірткінің тасымалымен айналысып жүрген 21 жастағы бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру кезінде бойжеткеннен героиннің синтетикалық опиаты болып табылатын бірқатар дәрі-дәрмектердің 55 таблеткасы мен есірткі әсерін күшейту үшін қолданылатын зат бар 12 бөтелке тәркіленді.

«Ұсталған азаматша жедел уәкілдерге «микс», «лира» және т.б. бірнеше бетбелгі қойып үлгерген орындарын көрсетті, нәтижесінде қыздан «трамадолдың» 5 қорабы, «тропикамидтің» 14 құтысы, «лириканың» 5 таблеткасы және «сомнолдың» 5 таблеткасы тәркіленді», – деп түсіндірді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Тиісті сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

«Күдіктіден ұялы телефон тәркіленді, ол арқылы ол аталған дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқан. Медициналық куәландыруға сәйкес қыздың өзі де сол апиындарды қолданғаны расталды», – деді облыстық СӨП МҚБ бастығы полиция полковнигі Мейрам Жапбасов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир