Референдумға дейін:
22
күн
15
сағат
25
минут

Ескі үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады

Ескі үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады
2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2021 жылы3 наурызда2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады. Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады.Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары Ұлттық Банктің сайтында көрсетілген. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі бойынша Байланыс-орталығына хабарласуға болады.


Новости партнеров