Шымкентте 9-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Мектеп қабырғасына дәстүрлі форматта білім алуға келген оның аяғы ауыр екенін қатарластары мен психологтар байқаған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бұл жағдайды растап отыр. Бұл оқиға бойынша қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр екен.
«Бұл мәселені өзіміз жақсы білеміз. Оны білім ұйымы анықтады. Оқушылар мен психологтар анықтап құзырлы органдаға хабарланды. Бүгінгі күні тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.
Айта кетейік, Шымкентте осы уақытқа дейін 20 мектеп 14 күндік карантинге жабылған. Оның 10-ы қазір қайта қалыпты жұмысына оралған.