|
09.08.2021 | 13:06
1200

Белгілі журналист Қалыбек Атжан дүниеден өтті

Ол қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат

Белгілі журналист Қалыбек Атжан дүниеден өтті. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv

«Телевизия ардагері, белгілі журналист Қалыбек Атжан ағамыз өмірден өтті деген суыт хабар жетті. Қалеке – қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат. Оның әрбір сюжетінен ұлттық рух пен туған елге деген жанашырлық байқалып тұратын. Қалекең бірде «Бізге керегі – халықтың арасында көбірек жүру» деген еді. Ол осы ұстанымынан айныған жоқ. Елмен етене болып, қашанда халқының сөзін сөйледі. Қалыбек ағаның жарқын бейнесі мен жасаған еңбегі әрдайым жадымызда сақталады. Қош болыңыз, қазақ телевизиясының қара нары! Рухыңыз пейіште шалқысын»,  деп жазады ол. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир