Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды
Фото: ашық дереккөзден
Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш берген.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді», – деп жазды Уәли.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00