Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды

30.07.2021 18:54

Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш берген

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш берген.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді», – деп жазды Уәли.