Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды

19.10.2020 18:06

Президент өкімімен Дарын Тұяқов пен Мұхамеджан Таласов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне; 

Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.