Шекарадан заңсыз өтпек болған 10 адам ұсталды
Қазіргі уақытта екі бірдей қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астрахань шекарашылары Қазақстанның жүк көлігіне тығылып, шекарадан заңсыз өтпек болған 10 азаматты ұстады. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Караөзек» бекетінің мамандары машинада жасырынған 7 ер мен 3 әйел адамды анықтаған. Қазіргі уақытта екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Көліктің жүргізушісі де жауапқа тартылатын болады. Хабарламада ұсталғандардың қай елдің азаматтары екені айтылмаған. Белгілі болғаны, олар ТМД кеңістігінің тумалары. Енді қылмыстық жауапкершіліктен бөлек оларға бірнеше жыл Ресей аумағына кіруге тыйым салынады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45