Томирис Байсафаның өлімі: Ресейдің тергеу комитетінің басшысы тапсырма берді

Instagram / _ahmetova_zhanna_
Instagram / _ahmetova_zhanna_
Әлеуметтік желіде қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы Жанна Ахметованың үндеуі жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Томирис Байсафаның анасы Ресей Федерациясы тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге үндеу жолдады. Осыдан кейін комитет басшысы тергеудің қалай атқарылғанын және осы оқиғаның мән-жайы бойынша есеп беруге тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Тергеу комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желіде қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы Жанна Ахметованың үндеуі жарияланды.

Ол тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннен институт проректорына қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрайды. Себебі жоғары оқу орнының проректоры жауапқа тартылған күдіктімен таныс болған және қылмысты жасыруға жағдай жасаған.

«А.И. Бастрыкин қарамағындағы қызметкерлерге тергеудің әрбір кезеңінде атқарылған шаралар мен қыздың өліміне себеп болған мән-жайлар бойынша есеп беруге тапсырма берді», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бұған дейін Мәскеудің Никулин сотында алқабилер күдікті Муртузали Меджидовды ақтау үкімін шығарған. Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы сот залынан босатылды. Осыдан кейін зардап шеккендер аппеляциялық арыз түсірген. Өткен айдың соңында қылмыстық іс Мәскеу қалалық сотына түсті.

Томиристің өлімі

2018 жылдың сәуірінде МХҚМИ-дың 4 курс студенті Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатынан құлады. 21 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.

Бірақ көп ұзамай қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қазақстандық студент қыздың өлімі бойынша Мәскеудегі тергеу амалдары үш жылға созылды. Осы іс бойынша Муртузали Меджидов өткен жылдың шілдесінде қамауға алынды. Биылғы жылдың наурызында іс сотқа жіберілді.

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі өкіл Асқар Шәкіров біраз бұрын ресейлік әріптесі Татьяна Москальковадан істі жеке бақылауына алуды және «сындарды тергеу жүруін қамтамасыз етуді» сұрады.

БАҚ-та жазылғандай, Томирис пен Муртузали екеуі кездесіп жүрген. Муртузали Меджидов – дағыстандық танымал саяси қайреткер әрі бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы.


Новости партнеров