Алматының бас полицейі қаза тапқан әріптестерінің отбасына барды

Almaty.tv
Almaty.tv
Террористік шабуылға қарсы іс-әрекет салдарынан Алматының 176 тәртіп сақшысы жарақат алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Қанат Таймерденов полиция сержанты Әлен Асылхановтың, полиция старшинасы Ринат Қамбетовтың және кіші сержант Нұрболсын Алмасовтың туған-туыстарына барып, қайғысына ортақтасты. Олар Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына және стратегиялық маңызы бар нысандарға жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты.

Айта кету керек, террористік шабуылға қарсы іс-әрекет салдарынан Алматының 176 тәртіп сақшысы жарақат алған. Оның 8-інің жағдайы ауыр.

«Орнын тотыра алмаймыз, қайтып алып келе алмаймыз. Сіздердің балаларыңыз – батыр», – деп атап өтті Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Новости партнеров