Елімізге бір тәулікте 43 халықаралық әуе рейсі келді

26.09.2021 18:08

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген

Фото: ашық дереккөзден

25 қыркүйекте Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Армения, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен тәулікте 6 338 авиажолаушы келді. 

Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 172 жолаушы; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 151 жолаушы; 

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 269 жолаушы; 

Ақтау қаласының әуежайына - 4 рейс, 366 жолаушы; 

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 166 жолаушы; 

Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 77 жолаушы; 

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 137 жолаушы; 

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.