Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқарған қазақстандық марапатталды

05.08.2020 18:08

Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяда тұрақты тұруға құқық берілді

The Korea Times

Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқырған 28 жастағы Әлиакбар Юлдашев марапатталды. Бұл туралы Tengrinews.kz The Korea Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяда тұрақты тұруға құқық берілді.

Канвонд провинциясы Янъян уезінің басшысы қазақстандық Әлиакбар Юлдашевты ерлігі үшін нагдрасымен марапаттады. Әлиакбар корейліктер арасында Әли есімімен танымал екен.

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі Қазақстан азаматымен қатар такси жүргізушісін де марапаттаған. Ол осы жылдың қаңтарында Сеулде өз-өзіне қол салмақ болған адамды құтқарған.

Әлиакбар бұл наградасы арқылы Оңтүстік Корея үкіметінен өтемақы алып, осы елде тұрақты тұруға мүмкіндік алды