Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда
Абай облысында былтыр жазда болған алапат өртке қатысы бар деген күдікпен «Семей орманы» резерваты филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша аталған іске 20 адам күдікті деп танылған. Полиция ұсталғандардан оншақты текше метр ағаш, өңдеу станоктарын, қомақты қаражат пен құжаттарды тәркілепті. Тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Еске салсақ, облыстағы алапат өрт салдарынан 60 мың гектардан аса орман алқабы күлге айналып, 14 адам қаза тапқан еді.
- Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, - дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты