Қазақ халқының ғасырлық тарихы: 105 жастағы Әсия Сардарбек дүниеден өтті

 Almaty.tv
Almaty.tv
Әсия Сардарбектің Вирджиния штатында тұрып жатқанына қырық жылдан асқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен жүз жылдықтың 30-шы жылдарында Шу ауылынан АҚШ-қа қашуға мәжбүр болған 105 жастағы Әсия Сардарбек қайтыс болды. Бұл туралы журналист Дархан Өмірбек өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл әскерден екі рет құтылып, Америкадан бір-ақ шыққан әжей Әсия Сардарбек дүниеден озды. Бұл туралы түнде оның келіні Фузия хабарлады.

«Кеше, 27 қарашада сағат 5:20-да жүріп кетті. Балалары мен немере-шөберелерінің бәрі қасында болды» деп жазды ол.

«Кеңес Одағына дейін туып, Одақ ыдырауынан кейін 30 жыл өмір сүрген Әсия апаның өмірінде қазақ халқының ғасырлық тарихы жатыр», – деп жазады журналист.

Әсия Сардарбектің Вирджинияда тұрып жатқанына қырық жылдан асқан. Ол әкесімен бірге Кеңес билігінің қудалауымен елден кетуге мәжбүр болған. Кейуананың әкесі Сардарбек Шу ауылында бай әрі беделді адам болған.

80-ші жылдары Әсия апа отбасы мүшелерімен бірге Ауғанстаннан Түркияға, кейін Германия арқылы АҚШ-қа қашқан. 2017 жылы  «Алматы» телеарнасының тілшісі қарт әжей туралы сюжет әзірлеген болатын.


Новости партнеров