Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жеңімпаздарды марапаттау және чектерді тапсыру 2021 жылдың 12 желтоқсанында өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Іскерлік кеңесінің «Ақылды қаланы» дамыту және инновациялық даму комитетінің төрағасы Елдар Әбдіразақов хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv. 



Алматы қаласы әкімінің жанындағы Іскерлік кеңес бизнестің азаматтық бастамаларды қолдау және оларды дамыту үшін жағдай жасау бастамасын көтерді. Конкурс медицина және денсаулық сақтау, қазақ тілін дамыту және байыту, білім беру, мәдениет, инклюзия, азаматтық белсенділік, экология және мекендеу ортасы салаларындағы үздік әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталған. Үздік жобаларды Іскерлік кеңес өкілдері мен қала меценаттары қаржыландырады.


"Жобаларды іріктеу кезінде біз атаулылық, анықтық және ашықтық өлшемдерін сақтайтын боламыз. Сондай-ақ Impact, яғни қамту және уақыт бойынша ықпал ету ауқымы, Originality – тәсілдеменің бірегейлігі мен жетілуі, champion – қоғам үшін рөлдік модель, Change – қала тұрғындарының өмірін жақсартуға ықпал ету және Potential – кеңейтуге әлеуеттің болуы сияқты қағидаттар бар", – деп хабарлады Елдар Әбдіразақов.


Қазіргі кезде Іскерлік кеңестің қарауында 80-нен астам жоба бар. Бастамалар бойынша сұраулар мен ақпаратты электронды поштаға жіберуге болады: social@k50.kz


Жеңімпаздарды марапаттау және чектерді тапсыру 2021 жылдың 12 желтоқсанында өтеді.


Сондай-ақ Елдар Әбдіразақов Almaty Investment Forum 2021 өткізу туралы жариялады. Ауқымды іс-шара Іскерлік кеңеспен бірге екінші жыл қатарынан өтіп келеді. Биыл форум 2 желтоқсанда онлайн форматта өтеді.

Новости партнеров