Бұл жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылды
Павлодар қаласында мұнай-газ жабдықтарын шығаратын өндірістік алаң іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылды. Өндірістік алаңды құру мен дамыту шараларына 246 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланған.
«Кәсіпорын жылу алмасу аппараттарын, конденсаторлар, ауаны салқындататын аппараттар, криогендік жабдықтар, құбыр бөлшектері мен құбырлардың көптеген түрлерін, түрлі металл конструкцияларын шығарады. Өндіріс орны өндірілетін тауар желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС өндірістік алаңында жоғары сапалы өнімді дайындау үшін барлық талаптарға жауап беретін заманауи жабдықтар орнатылған», - деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.
Өндіріс алаңында қосымша 40 жұмыс орны ашылған. Алдағы уақытта кәсіпорындағы қызметкерлер санын 150 адамға дейін жеткізілмек.