Жаңаөзенде 15 жастағы екі қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

07.04.2022 18:12

Тәртіп сақшылары жоғалған қыздар туралы қандай да бір мәлімет білетін жандар болса, "102" нөміріне хабарласуды сұрайды

Маңғыстау облысының полиция департаменті

Маңғыстау облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен екі жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 жастағы Фарида Чындышева мен Тілектес Жолдас 29 наурыз күні Жаңаөзендегі пәтерлерінен шығып кеткен соң қайтып оралмаған.

Фарида Чындышова Рахат-4 шағынауданында, ал Тілектес Жолдас Теңге ауылында тұрады. Қыздар жоғалған күннен бері полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Өкінішке қарай, қазірше жасөспірімдердің қайда кеткені туралы ақпарат жоқ.

Тәртіп сақшылары жоғалған қыздар туралы қандай да бір мәлімет білетін жандар болса, "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.