Бүгінде 20 мың азамат Darmen қосымшасын жүктеп үлгерген

01.10.2019 18:13

Қосымшаны ұялы телефондағы Android және iOS платформасына жүктеуге болады

Енді алматылықтардың  төтенше жағдайды алдын-ала біліп отыруға мүмкіндігі бар. Ол үшін қалалық әкімдік пен Алматыдағы төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, бір тиын қаражат құртпай, арнайы мобильді қосымша шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұялы телефондағы Android және iOS платформасына Darmen қосымшасын  жүктеп алуға болады. Ақпарат: қазақ, орыс, ағылшын тілінде жіберіледі. Зілзала жайлы мәліметтер push-хабарландыру арқылы келіп тұрады екен.