Аталған байланыс операторының сервистері толық қалпына келді
Kcell/Activ байланыс операторының сервистері толықтай қалпына келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Сағат 10:00 кезінде Kcell/Аctiv абоненттерінің ұялы байланыс қызметі толықтай қалпына келтірілді. Бүгін таңертең байланыс бойынша проблема Астана мен басқа да бірқатар қаладағы абоненттерде байқалды», - делінген аталған компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бұл тұрғыда Kcell/Аctiv операторы техникалық проблемаға қатысты интернетсіз қалған абонеттерге 10 ГБ бонус берілетінін хабарлады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, таңертең Kcell компаниясы еліміздің кейбір өңірлерінде ұялы байланыс интернеті бойынша проблема бар екенін растады.
Дереккөз: ҚазАқпарат