Аутизм күні: Алматыда қайырымдылық шара өтті

02.04.2019 23:14

Қазақстанда 2000-ге тарта адам аутизмге шалдыққан


Отандық ғалымдар аутизм дертіне шалдыққан балаларға шипа болатын ем түрлерін зерттеуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың айтуынша, таудағы таза ауа – дертке дауа. Бүгінгі бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күнінде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына 300-ден астам адам жиналды. Олардың барлығы да аутизм ауруына бей-жай қарамайтындар.

Ресми мәлеметке сүйенсек, елімізде 4 жарым мыңнан астам адам осы дертпен ауырады екен. Ата-аналар көп жағдайда баланың бұл ауруға душар болғанын уақытылы білмей жатады екен. Сондықтан, осынау көрсеткіш әлдеқайда көп болуы ықтимал.

«Статистика бойынша 4 жарым мың бала аутизммен ауырады. Алматыдағы 200-ге жуық мектептің 100-і кәсіби мамандармен толықтырылған. Онда психологтар да жұмыс істейді. Сондай-ақ, оқу материалын игеруге бақылау жасауды жүзеге асыратын қашықтықтан білім беру технологияларының оқытушы-консультанты да бар», - дейді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав КАНКУРОВ.

Соңғы екі жылдан бері Алматыда әкімдіктің қолдауымен «Тау-шаңғы спортына баулу» жобасы жүзеге асып келеді. Мыңдаған бала осы мүмкіндіктен қалыс қалмай, тегін ем алуға жолдама алды. Кәсіби мамандардың байқауынша, таудағы жаттығудың әсері шамамен 8 айдан кейін оң нәтижесін береді екен. Мұнда тек терапия емес, саф ауаның да шипасы мол.


Теги: аутизм