Қарағандыда мемлекеттен тегін үй алу үшін 454 адам заңсыз кезекке тұрып алған. Заңды белшеден басып, баспана иеленбекші болғандардың әрекетін облыстық прокуратура өкілдері тексеріс барысында анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірге қарасты Ақтоғай ауданында мұқтаж жандарға сатылған 4 үйдің қауіпсіздік талабына сай келмейтіні белгілі болды. Тағы 2 үйде жарық орнатылған. Қазір аталған фактілер бойынша сотқа талап-арыз берілді.
– Тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған 33 мың адамның 454-і аталған санатқа жатпайтыны анықталды. 50 адамға заң талаптарына сай келмейтін пәтер берілген. Қадағалау актісі бойынша 78 иесіз үйді коммуналдық меншікке қабылдау іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деді облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Ерлан Түсіпов.
Оқи отырыңыз: Қостанайда қауіпті медициналық қалдықтардың заңсыз қоймасы анықталды