Бүгін көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, ҚР гуманитарлық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жанұзақ Телғожа Сейдінұлының 95 жасқа толуына арналған «Түркі ономастикасы: тарих, таным, тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн/оффлайн конференциясы аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының алғысөзін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ. Түймебаев сөйледі. Конференция барысында 95-жасты еңселеп отырған ғалым Телғожа Сейдінұлы - ғылымдағы өмір жолын, ұстаздарын, еңбектерін, сонымен қатар шәкірттерін еске алып, жылы естеліктерін бөлісті. Ғалымның жазары, Қазақ тіл біліміне берер ғылыми еңбегі жемісті де, жалғасты бола берсін деп тілек білдіреміз», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, PhD доктор. А. Аккузова.