Байбек пен Сағынтаев саясаттанушылар және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

28.09.2020 19:05

Кездесу барысында праймериздің сайлауалды бағдарламасын дайындау мәселелері талқыланды

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбекпен, әрі саясаттанушылар, сарапшылар және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Кездесу барысында праймериздің сайлауалды бағдарламасын дайындау мәселелері талқыланған.

«Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбекпен саясаттанушылар, сарапшылар және ҮЕҰ өкілдерімен кездестім. Алматы мен өтіп жатқан праймериздің сайлауалды бағдарламасын дайындау мәселелері талқыланды. Қорытындысы бойынша партиялық тізімнің сапалы құрамы қалыптаспақ», – деп жазады әкім.