|
28.03.2024 | 13:17
713

Бруцеллез: СҚО-дағы 5 ауданда қауіпті дерт тіркелді

Бруцеллез малдан адамға да жұғуы мүмкін

Бруцеллез: СҚО-дағы 5 ауданда қауіпті дерт тіркелді Almaty.tv

СҚО-ға қарасты Ленинское ауылында 9 айдан бері карантин болып жатыр. Қауіпті дерт 5 ауданда тіркеліп үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал 9 бас мал санитарлық сою алаңына жіберілді. Былтырдан бері кесел жұқтырған адам анықталмады, бірақ төрт түлік толық оқшауланған.

Айта кетейік, бруцеллез малдан адамға да жұғуы мүмкін. Ветеринария басқармасының мамандары облыстағы жағдайды республикалық комиссия бақылауда ұстап отыр.

– Соңғы дерек 25 наурызда Ақжар ауданында тіркелді. Ақжар, Айыртау, Аққайың аудандарында және Темирязев ауданында бір-бір ірі қарадан, Қызылжар ауданында 5 ірі қарадан бруцеллез анықталды, – деді Ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Оқи отырыңыз: Көктемде қандай дәрумендер ішу керек

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир